Құлан ауылы

Т.Рысқұлов ауданы бойынша туризм, тарихи-мәдени ескерткіштер 

және кәсіпкерлік нысандар туралы жалпы мәліметтер 


Файлды жүктеу: turistik-marshruttar.docx
14,85 Kb

Файлды жүктеу: eskertksh.docx
16,96 Kb

Файлды жүктеу: muzej.docx
16,32 Kb

Файлды жүктеу: lan-ksp.docx
17,82 Kb



             Туристік маршруттар

п/п

Туристік объектінің атауы 

Мекен жайы және орналасқан жері

1

Ортағасырлық «Құлан қалашығы»

Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы


2

«Дулат баба» кесенесі


Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылдық округі, Жақсылық ауылы аумағы 

3

«Есепші ата» кесенесі


Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылы

4

«Әулие топ ағаш»


Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылы

5

Ортағасырлық «Өрнек қалашығы»


Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылы


Т.Рысқұлов ауданы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімі.


Тарихи-мәдени ескерткіштің аталуы

Орналасқан жері (негізгі автотрасса жол бойынан қанша қашықтықта орналасқан, объектіге алып баратын жолдың жағдайы)

Тарихи-мәдени ескерткіштің бүгінгі күнге жағдайы

Тарихи-мәдени ескерткіштің тарихи негіздемесі

1

Дулат баба кесенесі  ХІII-ХІV ғ.ғ.

Көкдөнен ауылдық округі, Жақсылық ауылы аумағында орналасқан

Жақсы

Дулат бабаның сүйегі 2015 жылы Москвада «Научный сотрудник Отдела антропологии Института этнологии и антропологии им.Н.Н.Миклухо-Маклая РАН» ғылыми зерттеу институтының сараптамасынан өткізілген

3

Республикалық дәрежедегі Құлан қалашығы VІ-ХІIIғғ

2014 ж ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұра тізіміне енгізілген

Құлан ауылында орналасқан

Жақсы

Қаланы археологиялық тұрғыдан зерттеу  XIX ғғ соңында В.В.Бартольдтан басталады. 1936 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі мен ММТИ-дің Жетісу археологиялық экспедициясы жүргізді(А.Н Бернштам)2013,2017,2018 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты археолог Серік Ақылбек қазба жұмыстарын жүргізген

4

Республикалық дәрежедегі Өрнек қалашығы VІII-ХІІ ғ.ғ.

2014 ж ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұра тізіміне енгізілген

Қала орны Өрнек ауылының оңтүстігінде 7,7  км қашықтықта, Алтынсу өзенінің жағалауында Сұлутөр шатқалында орналасқан.

Жақсы

Ескерткішті 1985-96 жж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы мен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның тарихи және мәдени ескерткіштер жинағы археологиялық экспедициясы зерттеген (К.М.Байпақов). Қазіргі уақытта қазба жұмыстары жүргізілмеген.


Т.Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан тарихи –мәдени ескерткіштер және

 табиғи-рекреациялық орындар бойынша мәлімет


р/н

Елді мекеннің атауы

Аудан аумағындағы нысанның атауы (тарихи-мәдени ескерткіштер, табиғи рекреациялық орындар және т.б.)

Нысанның баланс ұстаушысы (аты-жөні, байланыс тел. ж/е т.б.

Нысанның орналасу координаттары Тараз қаласынан ара-қашықтығы, км

Нысанның орналасу координаттары аудан оралығы Аса ауылынан ара-қашықтығы

Нысанға жету жолдарына сипаттама (жолдың категориясы, жолдың сапасы, қолданылатын көлік түрі

Нысанның аумағында қандай инфрақұрылым түрлері бар немесе қажет (су, газ, электр жарығы ж/е т.б.)

Нысанның маңындағы қызмет көрсету нысандарына сипаттама 

Қосымша қызмет түрлеріне сипаттама

Ұсыныстар мен ескертпелер

тамақтану (орын саны)

тұрақтану жері/түнеу (төсек орны саны)

байланыс түрлері (телефон, интернет WI-FI ж/е т.б)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Құлан ауылдық округі

1.

Құлан  ауылы

Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану мұражай

«Жамбыл облыстық тарихи-өлкетанумузейінің бөлімшесі Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейі

Тараз қаласынан батысқа қарай  120 км. қашықтықта Құлан  ауылында орналасқан.

Құлан ауылының орталығында,  Жібек Жолы даңғылы  бойында орналасқан. XX ғғ. Археологиялық ескерткіш (бұрынғы мектеп) Мектеп 1904 жылы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған

Құқлан ауылы орталығында орналасқан.

Су, газ, электр жарығымен қамтамасыз етілген.

Құлан ауылының орталық Жібек ЖолыЖолы көш. бойында Ақотау, Жәмилә әжей, Отырар, тамақтану орындары 8ºº ден - 21 ºº-ге дейін жұмыс істейді. Әр адам басына шаққанда тамақтану 600-800 теңге көлемінде болады.

Нага қонақ үйі 10 адамға арналған. Тәулігіне 3000-5000 теңгеден

телефон, интернет, WI-FI.

Мұражай түрлі 9500 дана көне жәдігерлермен  (экспонаттар) қамтылған. 


-



Т.Рысқұлов ауданы бойынша туристік саланы дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар.


Қазіргі    кезде  Т.Рысқұлов  ауданы    әкімдігімен  аудан  аумағында   туризм  саласын   дамытуға   арналған  мақсатты  жұмыстар атқарылуда.

Осы  жұмыстар  аясында аудан   аумағындағы тарихи   орындармен  ескерткіштердің, киелі  мекендермен табиғаты  әсем жерлердің, тау, жылқымен саяхат, аңшылық, балықшылық туризімімен автораллии  саяхатына   қолайлы  орындардың  ауылдық округтер  бойынша   тізбесі және  аудан  аумағының қарапайым «Туристік  картасы»   дайындалды. 

         Аудан аумағының ішкі туризмін бірнеше бағыттармен (тарихи ескерткіштер, киелі мекендер, табиғаты көркем тау шатқалдары, тау туризмі, аңшылық, балық аулау т.б.) дамыту үшін аудан әкімдігімен мақсатты жұмыстар атқарылуда.

          «Батыс–Еуропа  Батыс -Қытай»  автодәлізінің   аудан   аумағындағы бөлігінің 414 шақырымында «В» саннатты жол  бойы қызмет көрсету  кешені құрылысын  конкурс жеңімпазы «Каз Туризм» ЖШС-гі жүргізуде. Жобаның жалпы құны –  720,0 млн теңге. Жоба іске қосылғанда тұрақты 50 жұмыс орны ашылып, тәулігіне 500 автокөлікпен жолаушыларға, туристерге  қызмет көрсетілетін болады. 

Бүгінгі  күнге нақты атқарылған жұмыстар:

Сервистің жалпы жұмыс жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Аудан әкімдігі «Каз Туризм» ЖШС-нің сұранысы негізінде  жол бойғы   қызмет көрсету  кешені  құрылысын кеңейту үшін 8,5 гектар жер телімі бөліп берді. Сервис орналасқан  аумақ 8,5 гектарға  кеңейтіліп,  орны тегістеліп,   өсімдік қабаты алынып, 40 см шағал тас қабаты төселді. Жұмыс басталғанда, жоба бойынша тағыда бір метрге жуық  көтерілу жоспарлануда.

Ауданаралық асфальт жолдан сервиске дейін 1,5 км шағалтас  төселіп, дала жолы жүргізілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өндірістік   инфрақұрылым жүргізу құралы   қаржысымен өндірістік   инфрақұрылым тарту мақсатында (30,470 мың.тг. электр желісі, 15,5 мың.тг. газ құбырын, барлығы 45,970 мың тг.) ЖСҚ  дайындалып, жобаны қаржыландыру «Аймақтық  Үйлестіру  Кеңесінде» мақұлданып.  2018 жылдың мамыр-маусым айларында облыстық құрылыс басқармасы, облыстық бюджет есебінен жұмыстары жүргізіледі. Жоба аяқталу мерзімі - 2019 жылдың  мамыр айында құрылыс жұмыстары аяқталады. Кешен аумағында құрылыс жұмыстарына қажетті құрылыс тауарлары, техникалармен қондырғыларды тасымалданып әкелінді.  Бүгінгі күнге 374,0 млн.теңгеге инвестиция тартылып,  30 %  құрылыс жұмыстарын аяқталып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

 «Шәушен» шаруа қожалығының тау етегіндегі 50 орындық «Қымыз өндіру және қымызбен емдеу» кешені  іске қосылды. Алдағы уақытта  аталған кешенінің  тау жоталары бөлігінде шаңғымен сырғанау нысандарын іске қосу үшін мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

         

Т.Рысқұлов    ауданында  туризм  саласын дамыту  төмендегідей   бірнеше  бағыттарға  жіктелген.


1-ші бағыт: Тарихи орындармен тарихи ескерткіштер орындарын   насихаттау, дамыту.

     1. ЮНЕСКО-ң тарихы ескерткіштер орындарын  қорғау тізіліміне аудан аумағында орналасқан 2 нысан, Құлан және Өрнек (Төрткөл) қалашықтар орны енгізілген.Аудан аумағында  6-12 ғасырларда  әскери- қорғаныс,  сауда-саттық,   қолөнермен бау-бақша  мәдениеті жақсы  дамыған  Құлан және Өрнек (Төрткөл) қалашықтарының  орны  бар. Аталған қалашықтарға Облыс әкімдігінің тапсырмасына байланысты 2017 жылдың маусым айында аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен стандартқа сәйкес жол ақпаратты тақтайша және бағыттаушы белгісін орнатылған. Аудан аумағының ішкі туризмін бірнеше бағыттармен (тарихи ескерткіштер, киелі мекендер, табиғаты көркем тау шатқалдары, тау туризмі, аңшылық, балық аулау т.б.) дамыту үшін аудан әкімдігімен мақсатты жұмыстар атқарылуда.  

      2. Жаңатұрмыс  ауылдық   округіне  жақын  орналасқан «Ойранды» мекені (қазақ – жоңғар соғысының  белгісі)

     3. Юбилейный ауылы маңындағы «Әбілхайыр даласы» (Атақты «Аңрақай» шайқасы   алдында кіші жүз  әскері жиналған).

2-ші бағыт: Киелі мекендерді  насихаттау,  дамыту.

1.Ақыртөбе ауылынан   солтүстікке  қарай 12 шақырым жерде  «Топ ағаш»  мекені орналасқан. Мекенінің  ерекшелігі бұл орындағы  су, бір ағашта бірнеше түрлі  жапырақтар   өсетін тал – дарақтар адамдарға  жақсы   аура  беріп, денсаулықтарына  пайдалы деп   есептеледі. Қазіргі кезде бүл жерде шырақшының ұйымдастыруымен 4-5  бөлмелі қарапайым үй, жаздық бастырма соғылып,  сәкілер орнатылған.

2. Жаңатұрмыс ауылының   оңтүстігінде, 7-8 шақырым қашықтықта,   тау етегінде «Әулие бұлақ » орны   орналасқан. Суының құрамы адам ағзасына өте пайдалы  болғандықтан   келушілер  көп.  

3. Өрнек ауылынан   тауға қарай 7-8 шақырымда «Киелі тас» орны бар  көлемі 2-3 метр болатын  тас –тақ пішіндес. Адамдардың  айтуынша   басы  ауырып, жүйке  ауруына    шадыққанда  күні бойы  жатса, шипасы   болатын көрінеді.

4. Құмарық ауылынан тауға қарай 8 шақырымда «Үйтас» орны бар.  Көлемі кішігірім үймен бірдей үлкен тас өзіндік ерекшелікке ие. Бұл жерде «Сарым» шаруа қожалығы (Омаркулов Ардақ) орналасқан. «Үйтас» орнына туристерді көптеп тарту үшін аталған шаруашылықпен «Аян» шаруа қожалықтарына кіші қонақ үй, асхана, жуыну орнын соғу ұсыныс ретінде берілді.

3-ші бағыт: Табиғаты әсем жерлерді  насихаттау, дамыту.

Аудан аумағында Қырғыз Алатауының  табиғаты көркем бірнеше  шатқалдарымен   орындары  бар.  Олар: «Қайынды» шатқалы, «Шал тауы», «Шайқы»  шатқалы, «Сұлутөр», «Қорғантас», «Қарақыстақ» шатқалдарымен «Көкқия», «Көккөл» мекендері. Бұл  шатқалдарда   тау туризмімен, экстремальды туризм, жылқымен  саяхат туризімін  дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің  ұсынысымен бүгінгі күні  сол   жерлерге жақын орналасқан «Қарақыстақ» және «Бабас» шаруа қожалықтары тау және жылқымен  саяхат базаларын іске  қосу  үшін   жұмыстар ұйымдастыруда.

4-ші бағыт: Сулы, тоғайлы  орындарды  насихаттау, аңшылық, балық  аулау, саяхат   желісін дамыту.

Аудан аумағының    Үмбет құм  алқабының «Шарбақты» мекенінде, Қорағаты ауылдық  округіндегі «Шілік» су тоғандарымен«Қайынды», «Шайқы», «Сұлутөр», «Қарақат», «Қарақыстақ», «Қорғантас» шатқалдарымен ағатын  өзендер   бойында аңшылық, балық аулау (Форель) туризімін  дамытуға   жұмыстар жүргізілуде. «Шарбақты» мекенінде жеке кәсіпкер кіші қонақ үйлер соғып, автономды электр жарығын орнатып қойды.

5-ші бағыт: Құм алқаптарында автораллии жарысымен саяхатын  насихаттау, дамыту.

Аудан аумағының солтүстігінде 60-70 шақырымда  Мойынқұмның құм алқаптары басталады. Бұл құм алқаптарында  авторалли жарыстарымен  саяхатын ұйымдастыру өте қолайлы. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен Алматылық екі: Тараздық - 3,  ауданымыздың  белді кәсіпкерлеріне  ұсыныстар   берілуде.

Қорытынды:

 

Аудан аумағындағы туристік нысандар  орнатуға мүмкіндігі  бар тарихи, киелі,  табиғаты әсем орындардың фото- анотациялары дайындалып облыстық кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту  басқармасының  туризм   бөліміне өткізілді. Бүгінгі күні де «Интернет» желілерімен   БАҚ   арқылы  туристік  кластерлерді іске  қосып, туристік саяхаттарды  дамытуға   қолайлы орындар туралы  мәліметтер берілуде.


Демалыс орнының атауы

Мекен жайы


Басшысы 

1




«Шәушен» ШҚ-ның

қымызбен емдеу және сауықтыру орталығы.


Жарлысу ауылы, Қарабұлақ жайлауы

Мейрамбай Дөненбаев

87021353056

2

«Тау самалы» сауықтыру орталығы

Каменка ауылы, Қарақыстақ тау жайлауы

Сүлейменова Ширакүл